Серік ЕРУБАЕВ, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері
1968 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: Қазақстан жүргізушілер одағының Гурьев облыстық кеңесінде жүргізушілерді оқыту жөніндегі жетекші (1991-1993); «Атырау Констракшн Сервисез ЛТД» ЖШС бас директоры (1993-2006); III, IV және V шақырылған Атырау қалалық мәслихатының депутаты, хатшысы (2003-2016); «Атырау Констракшн Сервисез ЛТД» ЖШС бас директоры (2008-2021); VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі (2021-2023); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары (2024-2026).
«Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2019), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» (2015), «Ветеран военно-морского флота» Мәскеу, Тынық мұхит флоты (2016), «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» (2020) медальдарымен марапатталған.
Александр ВИНОКУРОВ, Олимпиада чемпионы, кәсіби велошабандоз, велоспорттан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы
1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, денешынықтыру мұғалімі.
Еңбек жолы: 1996 жылдан бастап — ҚР ұлттық велоспорт құрамасының мүшесі; 1998 жылдан бастап — Casino-AG2R велокомандасының мүшесі; 2000 жылдан бастап — Team Deutsche Telecom велокомандасының мүшесі (2002 жылдан бастап — Team Telecom, 2004 жылдан бастап — T-Mobile Team); 2005 жылдан бастап Испанияның «Liberty Seguros» клубының мүшесі; 2006 жылы Қазақстан Республикасының «Астана» велоспорт клубына келіп қосылды. Командалық шоссе жарысында Азия ойындарының чемпионы (1994); шоссе жарысында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2000); «Париж-Ницца» кезеңінің (2002-2003), «Тур де Франс» кезеңінің (2002-2003), Amstel Gold Race әлем кубогы кезеңінің (2003), «Швейцария Туры» (2003) және беделді «Льеж-Бостон-Льеж» бір күндік веложарысының (2005, 2010) жеңімпазы; жеке жарыста әлем чемпионатының қола жүлдегері (2004, 2006).
«Парасат» (2000), ІІ дәрежелі «Барыс» (2006) ордендерімен марапатталған.
Төлеген АБДУЛЛИН, ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
1982 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Инженер-құрылысшы, экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақавтожол» РМК Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-62 автожол көпірінің шебері болып бастаған. «Қазақавтожол» РМК Павлодар филиалында түрлі лауазымдарды атқарған (2005-2011); «Қазақавтожол» РМК Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Ақмола облыстық филиалының директоры (2011-2014); Астана қаласында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылық қызметтерін атқарды (2014-2019); Көкшетау қаласы, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының м. а., директоры (2019); ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы орынбасарының м. а., орынбасары (2019-2021); ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары (2021-2023).
Қазіргі лауазымына 2023 жылдың қараша айында тағайындалды.
Мейірім ҚАЛАУИ, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК басшысы
1985 жылы Атырау облысында туған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін (2006); Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясын (2010) бітірген.
Еңбек жолы: «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны төрағасының көмекшісі (2006-2007); «Тұран» республикалық газеті» ЖШС директоры (2007-2010); «Қазақстан» республикалық телерадио хабарларын тарату компаниясы Атырау облыстық филиалының директорының орынбасары — бас редакторы (2010-2011); «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы (2011-2012); Атырау облысы жастар саясаты басқармасының басшысы (2012-2016); Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2016); Атырау қаласы әкімінің орынбасары (2016-2019); Атырау облысы Индер ауданының әкімі (2019-2021); «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2021-2022); Атырау қаласының әкімі (2022-2023).
Қазіргі лауазымына 2023 жылдың қараша айында тағайындалды.
«ҚР Конституциясына 20 жыл» (2012) медалімен марапатталған.
Бағдат ЧАЙЗАДА, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген, мамандығы — Өртқауіпсіздігі инженері.
Еңбек жолы: азаматтық қорғау органдарында 2005 жылғы тамыздан бастап жұмыс атқарады; Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 11 мамандандырылған өртсөндіру бөлімінің аға инженері, ауысым басшысы (2009-2010); Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары (2010-2013); Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы (2013-2015); Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары (2015-2019); Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының бастығы (2019-2021); Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы (2021-2023); Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары (2023-2025).
Қазіргі лауазымына 2025 жылдың желтоқсан айында тағайындалды.