16 қыркүйек күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қыркүйек күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман бақыланады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл, Қызылорда, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік жүреді. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.