16 мамыр. Тұлғалар туған күн

Фото: Фото: Kazinform

Бүгін, 16 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

76 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Владимир Карпович БОЖКО дүниеге келді.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын, Минск қаласындағы СССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Жоғары курсын бітірген.

1976-1989 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, 2-ші басқарма бөлімшесінің бастығы, 3-ші басқарма бастығы, 1989-1991 жылдары Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Целиноград облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары, 1991-1994 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Көкшетау, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша басқармасының бастығы. 1994-1997 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас экономикалық қауіпсіздік басқармасының бастығы, 1999-2001 жылдары «Jetson Trading LTD» фирмасының вице-президенті және ҚР өкілдігінің директоры. 2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасары. 2007-2014 жылдары ҚР төтенше жағдайлар министрі. 2014-2016 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары. 2016-2011 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

I және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

76 жыл бұрын (1949) қазақстандық театр және кино режиссері, Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген өнер қайраткері Игорь Марксович ГОНОПОЛЬСКИЙ дүниеге келді.

Фото: matritca.kz

Қызылордада туған. 1971 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1978 жылы Ленинград мемлекеттік театр, музыка және телевидение институтының режиссерлық факультетін бітірген.

«Первая станция» (1980), «Не помню» (1982), «Ночной хлеб» (1982), «Газоопасные работы» (1983), «Голубое золото» (1984), «О покойниках плохо не говорят» (1987), «Послесловие» (1989), «День первый» (1990), «Се ля ви» (1991), «Эйзенштейн в Алма-Ате (1941-1944)» (1998), «Столицы Великой степи» (1998), «Чистота цвета» (1999), «История будущего» (2001) және т. б. деректі фильмдердің режиссері.

Гонопольскийдің фильмдері халықаралық және аймақтық фестивальдерде (Мюнхен, Сан-Себастьяно, Сингапур, Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Екатеринбург, т. б.) ұсынылып, КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің түрлі сыйлықтары, дипломдары, сертификаттарымен марапатталды.

55 жыл бұрын (1970) «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Берікұлы МАҚСҰТОВ дүниеге келді.

Фото: samruk-energy.kz

1991 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​кооперативтік институтын, 2019 жылы Алматы энергетика және коммуникация университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1997-1999 жылдары Еркін экономикалық аймақтың Әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары, Қаражал қаласы әкімінің орынбасары, 1999-2004 жылдары Альфа-Банк» АҚ ЕБ Қарағанды ​​филиалы директорының орынбасары, директоры, 2004-2008 жылдары Gephaestus тау-кен өнеркәсібі холдингінің экономика жөніндегі вице-президенті, 2008-2009 жылдары Еуразиялық холдинг компаниясының басқарушы директоры, 2009-2013 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары, 2012-2013 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры, 2012-2013 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директоры, 2013-2016 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2016-2018 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, 2018-2023 жылдары коммерциялық құрылымдардың басшысы болды.

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.

53 жыл бұрын (1972) Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қайрат Әліханұлы ӘБДІХАНОВ дүниеге келген.

Фото: Gov.kz

Алматы облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін заңгер мамандығымен бітірген.

Еңбек жолы: Талғар ауданы прокурорының көмекшісі, Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы қалалық прокуратура бөлімінің прокуроры, Түріксіб ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алмалы ауданы прокурорының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы бас прокуроры бірінші орынбасарының көмекшісі, Қазақстан Республикасы бас прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуроры, Талдықорған қаласының прокуроры, Атырау облысы прокурорының орынбасары, 2010-2012 жылдары Қызылорда облысы прокурорының орынбасары, 2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2017-2018 жылдары Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Павлодар облысының прокуроры болды.

2023 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, І дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісімен марапатталған.

46 жыл бұрын (1979) Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Құмарұлы ТОҚАНОВ дүниеге келді.

Фото: optimism.kz

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылында туған. 2001 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетін аяқтаған. 2004 жылы «Қайнар» университетін, 2015 жылы РФ ТЖМ азаматтық қорғау академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2009-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету басқармасының аға офицері, 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқармасының аға офицері, 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, 2015-2017 жылдары ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Азаматтық қорғаныс басқармасының әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің аға офицері, 2017-2019 жылдары ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Азаматтық қорғаныс басқармасының халықты және аумақтарды қорғау бөлімінің бастығы, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласыТөтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы, 2019-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, 2020-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, 2022-2024 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы ақпаннан бастап атқарып келеді.

90 жыл бұрын (1935-2019) ақын Оразақын Асқарұлы АСҚАР дүниеге келген.

Фото: adebiportal.kz

Қытайдың Шығыс Түркістан өлкесіне қарасты Іле аймағында туған. Үрімжі қаласындағы Ұлттар институтын, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін) бітірген. 1955 жылы атамекені Қазақстанға түбегейлі қоныс аударды. Шекарадан өлең толы қолжазба дәптерлерін ала келген Оразақын бірден Алматыдағы Жазушылар одағына келіп, ақындар Хамит Ерғалиев, Ғафу Қайырбеков, Жаппар Өмірбековтерге жолығады. Олар жас ақынның өлеңдерін ұнатып, сол кезде баспаға дайындалып жатқан жас ақындардың «Қос жүрек» атты жинағына бір топ өлеңдерін дереу енгізеді. 1961 жылы араб әрпін білуіне байланысты арнайы сұраныспен Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасады. 1964-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, Поэзия секциясында орынбасар болып қызмет атқарады. 1970-1984 жылдары Кітап палатасында бөлім меңгеруші, одан 1995 жылға дейін «Жалын» баспасында поэзия бөлімінің аға редакторы болды. «Қорықтар әлеміне саяхат» деп аталатын топтама өлеңдері 1983 жылы Қазақстан табиғат қорғау қоғамының бәйгесіне ие болды. «Туған жердің картасы» деген дастаны 1974 жылы балалар мен жастарға арналған «Жалын» баспасының жабық конкурсында жүлдеге ие болды. «Тұңғыш», «Мейірім», «Белжайлау», «Балқарағай», «Өркеш», «Орбұлақ», «Күнгей», «Тәуелсіздік тартулары» атты жинақтары жарық көрді. Ол қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады. Бұл еңбегі 1994 жылы Мәдениет министрлігі мен Ғылым академиясы, Әдебиет институты бірігіп жариялаған ауыз әдебиетін жинаушыларға арналған бәйгеде бірінші орынды жеңіп алды.