16 мамырда елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 16 мамырда Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай  жарқылдайды, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Республиканың кей жерлерінде желдің күшейіп, тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан,  түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.