Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 23 м/с-қа жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола, Қостанай облыстарында, түнде Павлодар облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, түнде тұман түседі.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-6 градусқа дейін күн суытады, Павлодар облысында кей жерлерде 3 градусқа дейін суытады.