16 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жел соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аймақтары арқылы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғып, тұман түседі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел соғады, күші 15-23 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел соғады, күші 15-20 м/с.