Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Ақмола, Павлодар, түнде Қарағанды, күндіз Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Солүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе облысында, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі. Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының көптеген бөліктерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.