ЕСІМДЕР
Туған жері Гурьев қаласы. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын тәмамдаған. Геолог, геология-минерология ғылымдарының кандидаты, ҚР жер қойнауын барлау ісінің үздігі, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы.
1958 жылдан бастап еңбек жолын мұнай және геология мекемелерінде бастаған. 1985 жылдан Батыс Қазақстан ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясының бастығы. 1988 жылдан Алматы геофизика экспедициясының бас геологы, «Қазгеофизика» ӨГБ геология бөлімінің бастығы. 1992 жылдан ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы. 1994 жылдан «Қазмемжерқойнау» минералдық ресурстар бас басқармасы бастығының орынбасары. 1998 жылдан «Степной леопард» бірлескен кәсіпорнының бас директоры. 2001 жылдан «Кен-экономикалық консалтинг» ЖШС бас маманы. 2003 жылдан «Центрконсалтинг» ЖШС директоры. 2004 жылдан «АқАй Консалтинг» ЖШС бас директорының орынбасары.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
Алматы қаласында туған. 1979 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Тарих факультетін және Мәскеу қаласындағы СССР Ғылым академиясының аспирантурасын бітіріп, тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.
1992 - 1993 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосында, атап айтқанда Еуропа және Америка департаментінің директоры, Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Түркия, Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттеріндегі елшіліктерінде жұмыс істеді. Румынияда Уақытты сенімді өкіл болды. Оңтүстік Африка Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі (2014-2019), ҚР Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси талдау және болжау департаментінің директоры (2019-2020) қызметтерін атқарды.
Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың ақпанынан.
Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы. 2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төртінші департаменті Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті. 1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаменті Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы. 2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылғы наурыздан маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі. 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. 2009-2011 жылдары – Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2012 жылғы қыркүйектен қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары. 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2013-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары.
2021 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.
Прокуратурада 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі лауазымда, соның ішінде, Алматы қаласы және Алматы облысы прокуратурасында жетекші лауазымдарда қызмет еткен. 2010-2013 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың ақпанынан. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Атырау мұнай және газ институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген. Экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы Атырау облыстық экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасында бас маман болып бастаған. 2005-2007 жылдары аралығында Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары, 2008 жылдан бастап Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басқармасының автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болды. 2010 жылдан 2017 жылға дейін Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының орынбасары, 2017-2019 жылдар аралығында Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2019 - 2021 жылдары Құрманғазы ауданының әкімі болды. 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі, 2022 жылдың қаңтарынан тамызға дейін «БатысАльянсстрой» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
2022 жылдың тамызынан бастап Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымында.
Еңбек жолын телевизия саласынан бастаған. 2001-2008 жылдары телеарнада редактор, бас редактор болды. 2007-2011 жылдары «Qazaqstan» Ұлттық арнасының елордадағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында комментатор, редактор, шеф-редактор қызметін атқарды. 2011 жылдан бастап әр жылдары облыс әкімінің баспасөз хатшысы, бас инспектор, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті. 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары болды. 2017 жылдың 27 қаңтарынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.
2019 жылдың 25 қарашасынан «Қазақ радиолары» серіктестігінің Бас директоры қызметінде.