16 наурыз. Тұлғалар туған күн

Фото: Kazinform/Midjourney

Бүгін, 16 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

67 жыл бұрын (1958) Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ерғазыұлы ЕЩАНОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Дәмді орта мектебін бітіріп, Қостанай педагогикалық институтының физика-техникалық факультетіне түсіп, 1981 жылы бітірді.

Еңбек жолы: 1981-1992 жылдары Дәмді, Мичурин, Докучаев орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1992-1993 жылдары Науырзым аудандық білім бөлімінің еңбек инспекторы. 1993-1994 жылдары Науырзым коммуналдық кәсіпорындар комбинатының инженер-экспедиторы. 1994-1999 жылдары «Биотехнология» фирмасының менеджері. 1999-2001 жылдары ҚР Бас прокуратурасының «Ақпарат» РМК БПД директоры болды. 2001-2012 жылдары «Сосновый бор» шипажайы» ААҚ бас директоры қызметін атқарған. 2012 жылы Алтынсарин ауданынан облыстық мәслихаттың депутаты, 2012 жылы Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы, 2016 жылы облыстық мәслихат депутаты, 2016-2023 жылдары Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметінде 2023 жылдың наурызынан бері.

«Құрмет» орденімен (2009); «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.

44 жыл бұрын (1981) «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы Данияр Серікұлы ЖАНДАЕВ дүниеге келді.

Фото: top-news.kz

Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясын (ҚазММА) «Емдеу ісі» мамандығымен, 2006 жылы Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясын «Оториноларингология» мамандығы бойынша интернатураны бітірген. 2008 жылы Қырғыз-Ресей Славян университетін (КРСУ) «Оториноларингология» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны (Қырғызстан Республикасы Бішкек қ.) тәмамдады. 2008 жылы Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясында (ҚазММА) білім алды, 2014-2016 жылдары Астана Медицина университеті (АМУ) онкология мамандығы бойынша магистратурада білім алған, 2020 жылы Danubius University faculty of social studies-Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша докторантураны бітірді, phdr философия докторы.

Еңбек жолы: 1999-2002 жылдары Астана қаласы, «1-ші қалалық аурухана» ММ жансақтау бөлімінің кіші медбраты болды. 2002-2003 жылдары көшпелі бригаданың санитары, сонымен бірге қалалық жедел жәрдем станциясында жұмыс істеді, 2003-2005 жылдары «1-ші қалалық аурухана" ММ, реанимация бөлімшесінің медбраты, 2008-2009 жылдары "Онкологиялық диспансер" ММ жалпы ауруханалық бөлімнің емдеу кабинетінің дәрігері, 2009-2010 жылдары «Сұңқар плюс» медициналық орталығы" ЖШС-де дәрігер отоларинголог, 2011 жылы «Open clinic» ЖШС отоларинголог дәрігер, 2011-2012 жылдары «Алматы Медикал Систем» ЖШС бас дәрігері, отоларинголог дәрігер, 2012 жылы «Биос» ЖШС отоларингология бөлімшесінің меңгерушісі, 2012 жылы «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» медициналық қызметтер сапасы қызметінің дәрігер-сарапшысы, 2014-2016 жылдары «Астана Медицина Университеті» АҚ онкология кафедрасының ассистентінің м.а., онкология кафедрасының зертханашысы, онкология кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарды. 2016-2018 жылдары «Қамысты орталық аудандық ауруханасы» КМК учаскелік қызмет емханасының меңгерушісі, бас дәрігердің м.а., бас дәрігері, 2018-2019 жылдары «Қостанай орталық аудандық ауруханасы» КМК-де дәрігер отоларинголог, бас дәрігердің м.а., 2019-2020 жылдары «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы орынбасарының м.а., басшының орынбасары, 2020-2022 жылдары "Қостанай қалалық ауруханасы" КМК-де бас дәрігердің м.а., 2022 жылы «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының м.а қызметінде болды.

Қазіргі лауазымын 2022 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.

38 жыл бұрын (1987) «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ баспасөз қызметінің басшысы Ерлан Құрметұлы СИСЕНОВ дүниеге келді.

Фото: instagram.com/prokadrykz

Алматы қаласында дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ халықаралық журналистика мектебін бітірген.

Әр жылдары «Almaty​ tv» және «Қазақстан» РТРК АҚ телеарналарында тілші болып жұмыс істеген. 2012-2022 жылдары «Астана» телеарнасында еңбек еткен. Арнайы тілші, жаңалықтар жүргізушісі, редактор, «Итоги недели» сараптамалық бағдарламасының авторы, президенттік пул журналистері қатарында болған. 2012-2022 жылдары «Astana TV» ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің директоры, 2022-2024 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы болды.

Қазіргі лауазымын 2024 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді. Ақпарат саласының үздігі.

35 жыл бұрын (1990) Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Владислав Геннадьевич ЛУКИН дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында туған. 2012 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «құрылыс» мамандығын бітірген.

Еңбек жолы: 2012-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы сумен жабдықтау бөлімінің бас маманы, 2014-2016 жылдары облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы, 2016-2020 жылдары Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары, 2020 жылы Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және пайдалану мәселелері жөніндегі орынбасары, 2020-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі, 2023-2024 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

151 жыл бұрын (1874-1938) ағартушы-педагог, Алаш қозғалысының мүшесі Төлеген ИМАНҒАЗИЕВ дүниеге келген.

Фото: Wikipedia

Батыс Қазақстан облысында туған. 1887-1890 жылдары Гурьев уезіне қарасты 2 кластық болыстық мектебін, Орал қалалық орыс-қазақ училищесін бітірген. 1890-1894 жылдары Орынбор орыс-қазақ мектептері мұғалімдері мектебін алтын медальмен тәмамдаған. 1917-1918 жылдары Ақпан төңкерісінен соң жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру, земстволық оқу-ағарту ісін жолға қою ісіне белсене араласып, Батыс Алашорда оқу-білім комитетіне мүше болды. 1918-1929 жылдары Қаратөбеде өткен ІІІ Орал болыстық қазақ съезінің делегаты, Алаш милициясының Ойылдағы мектебінде мұғалім қызметтерін атқарды. 1929-1938 жылдары Жақсыбай орталау мектебінде жағрафия, орыс тілі және еңбекке баулу пәндерінен сабақ берді. 1937 жылы бұрын болыс болып, Батыс Алашорда қызметіне қатысқаны үшін, «діни қайраткерлер Қ.Қуанышқалиев, Х.Нұрмұхамедовпен байланыс жасады, панисламизмді насихаттаушы, белсенді Алашордашыл» деген айыппен тұтқынға алынды. 1938 жылы атылып, 1991 жылы ақталды.

87 жыл бұрын (1938-2012) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мейірхан Мүбәрәкұлы ӘБДІЛДИН дүниеге келген.

Фото: kaznu.kz

Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1966-1970 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Астрофизика институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1970 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, университет ректоры болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері салыстырмалық және гравитациялық теорияның күрделі мәселелерін шешуге арналған. Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысы проблемасын зерттеген, денелердің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысының релятивистік теңдеулерін негіздеген. Эйнштейннің гравитация теориясы механикасының мәселелерін зерттеудің жаңа әдістерін дамытып, жалпы салыстырмалық теориясы негізінде денелер қозғалысының адиабаттық теориясын жетілдірген. Дененің меншікті айналысы жөніндегі мәселелерді зерттеуде гидродинамикалық аналогияны қолдану идеясын ұсынған.

86 жыл бұрын (1939-2004) жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдарбек НАЙМАНБАЕВ дүниеге келген.

Фото: adebiportal.kz

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1960-1970 жылдары қазіргі «Жас Алаш» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1970-1976 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы. 1976-1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы. 1986-1987 жылдары Республикалық авторлар құқығын қорғау агенттігінің директоры. 1987-1988 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы. 1988-1991 жылдары «Жазушы» баспасының директоры. 1991-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1992 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары болған. Ол Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары ретінде шетелдегі қазақтардың тыныс-тіршілігіне қатысты проблемаларды республиканың басшы билік органдарына жеткізіп, олардың ойдағыдай шешілуіне атсалысты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Қаламгердің «Даңқ тұғырында», «Қоштасқым келмейді», «Бастау», «Сол бір түн», «Үміт өткелі», «Беймаза қонақ», «Аптап», «Шілде», «Көктөбе», тағы басқа кітаптары жарық көрген.

76 жыл бұрын (1949-2003) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шалтай СМАҒҰЛОВ дүниеге келген.

Фото: facebook.com/ualikhanovkitaphana

Алматы облысының Балқаш ауданында туған. Новосібір мемлекеттік университетін, КСРО ҒА Теориялық және қолданбалы механика институтының аспирантурасын бітірген. 1972-1984 жылдары аралығында Ресейдің жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде қызмет істеген. Осы кезеңде ол академик Н.Яненконың жетекшілігімен әлемдік математика ғылымында әлі шешімін таппаған күрделі мәселе - Навье-Стокс проблемасын зерттеуді бастады. Осы проблеманы теориялық және қолданбалы тұрғыдан зерттеу әдісін дәлелдеп, ұсынды. Бұл әлемдік математика ғылымына «Смағұлов теоремасы» деген атпен үлкен жаңалық ретінде енді. 1984 жылы арнайы шақыртумен Қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетіне жұмысқа ауысқан ғалым 1996-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Механика және математика ғылыми-зерттеу институтының директоры, 2001-2003 жылдары Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің деканы болды. Смағұлов есептеу математикасы, математикалық модельдеу, математиканың физикадағы теңдеу теориясы мәселелерін зерттеп, осы ғылым салалары бойынша қазақстандық ғалымдар мектебін қалыптастырды. Ғылымның көкейтесті мәселелеріне арналған 120-дан аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 8 монографиясы жарияланды. «Ресейдің еңбек сіңірген инженері». Сондай-ақ «Вычислительные технологии», «Математический журнал», т.б. арнаулы ғылыми басылымдардың алқа мүшесі-кеңесшісі болып, бірнеше халықаралық конференцияларда баяндама жасады. 2004 жылы Алматы облыстық мектеп-интернатқа Смағұловтың есімі берілді.