«Мен 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсті. Осы орайда, біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз қажет. Бұл - өте маңызды міндет. Басқаша айтқанда, ұйым әрдайым ел мүддесін қорғайтын нағыз халықтық партия болып қалуы керек», - деді Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде.
Айта кетейік, онлайн форматта өтетін іс-шараға еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысты. Съезд күнтәртібіне сәйкес, партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, партияны модернизациялау мәселелері қаралды.12:03, 01 Наурыз 2022
16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жариялаймын - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.