16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады.  

Астанада түнде және таңертең найзағай болады. Күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады екпіні 15–18 м/с жетеді.

Алматыда күндіз қатты ыстық — +36°C.

Шымкентте күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысы: батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай болып, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыс, солтүстік және орталық бөліктерде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с. Өрт қаупі орталықта жоғары, ал батыс, солтүстік-батыс және оңтүстікте өте жоғары деңгейде.

Атырау облысы: түнде шығысында нөсер болып, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде оңтүстігі мен шығысында, күндіз солтүстігінде найзағай болады. Солтүстік-батыс желі күндіз солтүстікте 15–20 м/с. Орталығында өте жоғары, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы: күндіз оңтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с. Күндіз қатты ыстық — +35…+37°C.

Ақтөбе облысы: оңтүстігінде кей жерлерде жауын мен бұршақ жауып, найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Өрт қаупі өңірдің батысы, шығысы, орталығы мен оңтүстігінде өте жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы: солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с жетеді. Солтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы: солтүстігі мен таулы аудандарында найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с жетеді. Күндіз қатты ыстық болады +38°C. Өрт қаупі облыс бойынша өте жоғары, оңтүстігі мен солтүстігінде  жоғары болады.

Жетісу облысы: орталықта және таулы өңірлерде найзағай болады. Жел екпіні оңтүстік-батыстан 15–20 м/с. Күндіз қатты ыстық — +35…+39°C. Солтүстігінде, шығысында, орталығында өте жоғары өрт қаупі болады.

Батыс Қазақстан облысы: түнде батысы мен оңтүстігінде, күндіз солтүстігі, орталығы мен шығысында найзағай болып, бұршақ жауып, дауыл тұрадыі. Жел екпіні 15–20 м/с жетеді. Батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы: солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде найзағай болып, жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан және шығыстан 15–20 м/с. Өрт қаупі батыс, шығыс және оңтүстікте өте жоғары.

Қостанай облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен батысында тұман болады. Солтүстігі мен оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.

Қызылорда облысы: түнде батысы мен орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады; күндіз бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. Жел  екпіні 15–20 м/с, шығысында екпіні 23–28 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Маңғыстау облысы: батысы, солтүстігі және шығысында найзағай болып, күндіз бұршақ жауады. Жел 15–18 м/с. Солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында жоғары, солтүстік-шығыс пен орталығында өрт қаупі өте жоғары болады.

Павлодар облысы: түнде оңтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстігінде найзағай болып, күндіз бұршақ жауып, дауыл болады. Жел 15–20 м/с жетеді. Оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысы: түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан облысы: таулы өңірлерінде найзағай болады. Күндіз солтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 15–20 м/с. Оңтүстігінде қатты ыстық болады +41°C. Өрт қаупі өте жоғары болады.

Ұлытау облысы: солтүстігінде нөсер болып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел  екпіні 15–20 м/с. Батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі өте жоғары болады.