Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Жамбыл облысында, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық, Атырау облысында, Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.