16 шілдеде «KazSat-2» серігінің ұшу сапары Twitter-де трансляцияланады

АНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - 16 шілдеде «KazSat-2» серігінің ұшу сапары «Twitter»-де трансляцияланбақ.

Бұл туралы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Twitter-дегі өз блогында хабарлады.

«16 шілде күні! Әлемде тұңғыш рет! «KazSat-2» серігінің ұшу сапары Twitter-де трансляцияланады. @yelikbayev , @dinakuba , @sympaticus , @damirski блоггерлері Байқоңырда!»,- деп жазды Мәсімов өз парақшасында.

«Жаңалықтар таспасы #kzs2 хэштегімен Премьер-Министрдің сайтында http://t.co/gCqy24i арнайы парақшасында трансляцияланатын болады», - деп жазды ол.

Үкімет басшысы бұған дейін өз блогында оқырмандарды 3D мәселесіне қатысты әңгімеге шақырған болатын. «3D - қызықты идея. Әңгімелесейік», - деп жазған еді ол Twitter-де.

Бұл жайлы толығырақ http://pm.kz сайтынан, сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov , http://vkontakte.ru/kmassimov блогтарынан оқи аласыздар.