16-шы қараша мен 23-ші желтоқсан аралығында ОСК-на республика азаматтарынан сайлау шараларына байланысты 62 өтініш келіп түскен

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/- Орталық сайлау комиссиясы таратқан мәліметтерге қарағанда, 16-шы қараша мен 23-ші желтоқсан аралығында комиссияға республика азаматтарынан сайлау шараларына байланысты 62 өтініш келіп түскен.

Өтініштердің 45-і сайлау науқанындағы әртүрлі мәселелермен байланысты. Сондай-ақ сайлау комиссияларының қызметі мен сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты 17 өтініш бар.