16 тамыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 16 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
58 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбайұлы НҰРЛЫБАЙ дүниеге келген.
Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1991-1998 жылдары мемлекеттік органдар құрылымында, атап айтсақ ҚР сыртқы экономикалық байланыс министрлігінде, ҚР өнеркәсіп және сауда министрлігінде, ҚР Парламенті істері басқармасында және коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген. 1998-2004 жылдары ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілдендіруі комитетінде әртүрлі қызметтер атқарған. 2004-2009 жылдары Астана тұрғын үй департаментінің директоры, білім және ғылым министрінің кеңесшісі, әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директоры, ҚР білім және ғылым министрлігі аппаратының жетекшісі, аппарат басшысы, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі, 2009-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, орынбасары, 2018 жылы ҚР энергетика министрінің кеңесшісі, 2018-2019 жылдары ҚР энергетика вице-министрі, 2019-2020 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін атқаруға 2020 жылдың қазанында кірісті.
54 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ажар Бақытқызы САҒАНДЫҚОВА дүниеге келді.
Павлодар қаласында туған. Алматы политехникалық институтын, педагогикалық институтты бітірген.
Еңбек жолын Павлодар қаласының №19 орта мектебінде аға пионер тәлімгері болып бастады. Әр жылдары әртүрлі ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істеді: «Самал» СҮ Павлодар филиалында сатушы-кеңесші (компьютерлік техника), Павлодар облысы мемлекеттік тергеу комитеті басқармасы хатшылығының аға инспекторы, Павлодар қаласының №1 балалар көркемсурет мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары, әдіскер, С.Торайғыров атындағы ПМУ мұражай кешенінің директоры, «Жеті ағайын» ЖШС «Баянауыл» мәдени-ойын-сауық орталығы директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, «Ромат» ЖШС әкімшілік бөлімінің бастығы, «Кактус+» ЖШС даму жөніндегі директоры, «Әділет» әлеуметтік-құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
48 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Мәлікұлы БАЙМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін қаржы және кредит мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, құқықтану, Nazarbayev University, Executive Master of Business Administration дәрежесімен тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1998-2003 жылдары ҚР ҰБ бухгалтерлік есеп департаменті Бухгалтерлік есеп әдіснамасы басқармасының жетекші экономисі, 2003-2007 жылдары қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары, ҚР ҰБ Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасының бастығы, 2007-2011 жылдары Бөлшек бизнес, операциялық мәселелер және «Қазақстан Халық банкі» АҚ АТ-жобаларын енгізу саласында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2011-2017 жылдары ҚР ҰБ төрағасының кеңесшісі, төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің, Монетарлық операциялар департаментінің директоры, ҚР Ұлттық қорының алтын-валюта активтері мен активтерін басқаруға және ҚР ҰБ ақша-кредит саясатын іске асыруға жауапты болған. 2011-2014 жылдары «Қазақстан қор биржасы» АҚ Биржалық кеңесінің (Директорлар кеңесінің) мүшесі, 2019 жылы «ҚР ҰБ қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы, 2017-2019 жылдары «ҚР ҰБ Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы болған.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «ҚР ҰБ еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
46 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Қалдыбекұлы ЭЛИМАНОВ дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы, Қарағанды қаласы прокуратурасының Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокуроры, 2000-2001 жылдары Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі, 2001 жылы Қарағанды облысы прокуратурасының шаруашылық істері бойынша Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау тобының прокуроры, 2001-2002 жылдары Қарағанды облысы прокуратурасының азаматтық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2002-2003 жылдары Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, 2003-2004 жылдары Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, 2004-2005 жылдары Астана қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, 2004-2007 жылдары Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының, Астана қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, 2007-2009 жылдары Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, 2009 жылы ҚР Әділет министрінің кеңесшісі, 2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары, 2012 жылы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ақпараттық-талдау департаментінің бастығы, 2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы, 2014-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры, 2017 жылы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаменті бастығының орынбасары – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, қоғамдық мүдделерді қорғау департаменті бастығының орынбасары – ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы (үшінші қызмет), қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары – ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, 2017-2019 жылдары ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, 2019 жылы Қарағанды облысы прокурорының орынбасары, 2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, 2020-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы, 2021 жылы (2022-2024 жылдары қайта тағайындалды) ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы, 2024 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1981) Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Нұрланұлы ОРАЗАЛИН дүниеге келген.
Алматы қаласында туған. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген, ағылшын тілін білетін халықаралық қатынастар жөніндегі маман (2002), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономика (2006).
Еңбек жолы: 2003-2005 жылдары Алматы қаласы ақпараттық-талдау орталығы бөлімінің басшысы, сарапшы, 2005-2010 жылдары «Әлемдік экономика және саясат институты» ҚҚ сарапшысы, 2010-2012 жылдары «Алматы ӘКК» АҚ Инвестициялар жөніндегі департаментінің директоры, 2012-2013 жылдары бастық орынбасарының міндетін атқарушы, 2013-2015 жылдары Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 2017-2019 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, 2019-2022 жылдарыАлматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
2022 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.