Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы облысында күн қатты ысиды деп күтілуде.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.