деп хабарлайды астаналық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында ІІБ-ның қызметкерлері ұрлықты жасады деген күдікпен 20 және 22 жастағы екі азаматты ұстап алды.
Анықталғандай, олардың біреуі аталған дүңгіршекте сатушы-кеңес беруші, ал екіншісі қоймада қабылдап алушы болып жұмыс істеген. Тексеру барысында олардан ұялы телефондар алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 175 бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде күдіктілер Астана қаласы ІІД-нің уақытша тергеу абақтысына қамалды.