16 жасар жасөспірімді ат таптап өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Альберта провинциясында родео кезінде 150 көрерменнің көз алдында ат 16 жасар жасөспірімді таптап тастады, деп хабарлады Вести.Ru.

Аталған оқиға Торсби қаласында орын алған. Ат жерге құлаған шабандоздың үстінен жүріп өтті. Балаға алғашқы көмек көрсетілгенмен дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.