АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Әмір Омарханов Сербиядағы Янко Типсаревич теннис академиясында Аустралия құрамасының көшбасшысы Алекс де Минормен бірге жаттықты.
Алекс өзінің спорттық жолында ATP турнирлерінде 10 рет жеңімпаз атанса, соның тоғызында жекелей сында үздік шыққан.
Әмір Омарханов — Қарағанды теннис мектебінің түлегі, онда Петр Нестеровтің басшылығымен жаттыққан. Қазіргі кезде Әмір Белградта Янко Типсаревич академиясында Неманья Лаличтің қоластында шеберлігін ұштап жүр.
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 14-орында тұрған Әмір бүгінде АҚШ-та 19-24 тамызда хард төсенішінде өтетін ITF Juniors J300 College Park жарысына дайындалуда. Содан кейін жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қос қазақстандық жасөспірім теннисшінің Жапонияда өтетін іріктеуге жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).