Қызы жуынуға кіріп кетіп, ұзақ уақыт шықпаған соң анасы есікті бұзып кірген. Онда қызының жансыз жатқанын көрген. Анасының айтуынша, қызының қолында қалта телефоны болған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, бойжеткенді тоқ соққан, делінген РФ Башқұртстан бойынша Тергеу комитетінің республикалық басқармасы таратқан хабарламада.