« Грета Тунберг Time нұсқасы бойынша 2019 жылдың «Жыл адамы» болды «, - деп хабарлады басылым.
Айта кетейік, 16 жасар Тунберг - әлем назарын климаттың өзгеруіне аударуға және саяси көшбасшыларды нақты жұмыс жасауға шақырып жүрген танымал белсенді.
Соңғы 16 ай ішінде Тунберг БҰҰ-да сөз сөйледі, Рим Папасы мен АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті және 4 миллионға жуық адамды биылғы жылдың 20 қыркүйегінде климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық шеруге шығуға қанаттандырыды. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен климаттық жиын болды.