АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 16 жастағы Софья Николайчук шпагадан қола жүлде жеңіп алды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Айбике Хабибуллина аталған додада бас жүлдені қанжығасына байласа, Әйгерім Сарыбай күміс медальге қол жеткізген болатын.
Қазақстан қоржынында әзірге 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде бар.
Фото: www.olympic.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.