«Миуцбиси лансер» автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлады Астана қаласының ЖПБ баспасөз қызметінен.
Машинаға соғылған мотоцикл жүргізушісі жолдың бойында тұрған «Ауди А-4» көлігінің үстіне құлап, одан кейін тұрақта тұрған «Фольксваген гольф» көлігіне соғылған.
Жол апатының салдарынан, мотоциклдің жүргізушісі мен жолаушысы алған бас және дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Мотоциклдің жүргізушісі мен жолаушысының арнайы бас киімі болмаған. Аталған факті бойынша тиісті сараптама белгіленді, тергеу жүргізіліп жатыр.