8 адамнан құралған банданы 26 және 29 жасар ағайынды мәскеуліктер басқарған. «Топ мүшелері "Carberp" және "RDP-door" деп аталатын трояндық вирустарды «Банк-Клиент» жүйесімен жұмыс жасайтын ұйымдардың компьютерлеріне жіберіп, сол жүйелердегі ақшаларды жымқырып отырған», - дейді РФ ІІМ қызметкерлері.
Хакерлер фирмалардың ақшасын алдын ала дайындалған шоттарға аударып, содан кейін оны бірнеше шоттар арқылы «ізін суытып» барып, жалған тұлғалардың атына рәсімделген карточкаларға түсіріп, сосын қаланың әр жеріндегі банкоматтардан шығарып алып отырған көрінеді.