161 адамда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 38 882, 408 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 079-ға жетті.