ОРАЛ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Теректі ауданы прокуратурасы мониторинг барысында «Батыс Күнбағыс» АҚ-ның 161 қызметкерге биылғы қаңтар, ақпан айлары үшін 5,2 млн. теңгеге жуық жалақысын төлемегенін анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш кәсіпорын атына заңбұзушылықты жою туралы аудан прокуратурасы тарапынан ұйғарым берілгенімен, ол орындалмаған. Сондықтан ұйғарымды мәжбүрлеп орындау туралы қаулы БҚО сот актілерін орындау департаментіне жіберілді. Соның нәтижесінде берешек толықтай өтелді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).