17 432 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 17 432 адам коронавирус инфекциясынан (–17 096+ және 336 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Олардың ішінде 439 пациент стационарда, 16 993 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

11 адамның жағдайы ауыр,

9 пациенттің жағдайы өте ауыр,

5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.