17 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 17 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

17 ақпан ДҮЙСЕНБІ

Мейірімнің риясыз көріну күні. Бұл мейрамның жалпы дүниелік мағынасы бар, бұл мейрамды дүниежүзі азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан тойлайды. Бұл күні ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, барлығына мейірімді болуға тырысу керек, жәй ғана мейірімді емес, шексіз және пайдакүнемсіз мейірімді болу керек.

РФ ҚК Жанар-жағармай қызметінің күні. Аталмыш күн РФ ҚК Тылындағы ең жас қызметтің құрметіне аталып өтілетін мереке. Оның тарихы 1936 жылы 17 ақпанда КСРО Қорғаныс комиссиясының бұйрығымен Одақтың ҚК-рін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету басқармасының құрылыуынан басталады.

Канададағы мұрагерлік күні. Бұл канаданың ұлттық құндылықтар мұрасына енетін дүниелердің мерекесі. Мамандар бұл күнді жалпыұлттық мақтанышқа айналған тарихи және мәдени нысандар мен археологиялық аймақтардың мерекесі деп атағанды жөн санайды. Себебі, бұлар ұлттық құндылықтың басты мұрасы болып отыр.

Джордж Вашингтонның туған күні. АҚШ-та бұл мереке ақпан айының үшінші дүйсенбісінде тойланады. Кейде бұл күнді Президенттер күні деп те атайды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2 1 жыл бұрын (1993) Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігі жұмыс істей бастады.

9 жыл бұрын (2005) Қазақстанның ақсақалы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының «Даналар кеңесіне» енді. Ол 60 жастағы Парламент Сенатының халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы, саяси ғылымдарының докторы, профессор, танымал мемлекет қайраткері, дипломат және журналист Қуаныш Сұлтанов. Кеңестің берген дәрежесінің шеңбері аясында ақсақал ЕҚЫҰ реформасына өзінің ұсыныстарын енгізуі тиіс. «Даналар кеңесіне» Ванкуверден Владивостокқа дейін ЕҚЫҰ қызмет ететін барлық аймақтың өкілдері кіреді.

8 жыл бұрын (2006) Италияның Милан қаласында өткен сән апталығында ұзындығы 150 метрлік алқа көрсетілді. Аталмыш бұйымның авторы итальяндық Роберто Москетто Де Ван оны 12 000 гауһар тастарынан жасап шыққан.

8 жыл бұрын (2006) Алматыда «Баррельге ынтықтық» атты деректі фильмнің таныстырылымы болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері, «Мұнай табысы - қоғам бақылауына!» коалициясының өкілдері және мұнай өндірілетін аймақ тұрғындарының пікірлері өзек болған фильмді «Kazakhstan Revenue Watch» бағдарламасы аясында «Сорос-Қазақстан» қорының гранты бойынша «Гала ТВ» телекомпаниясы түсірген.

8 жыл бұрын (2006) Астанада «Қауіпсіздік бағыты» атты бағдарламаның таныстырылымы өтті. Жыныстық жолдармен берілетін жұқпалы аурулардың жасөспірімдердің арасында таралуының алдын алуға бағытталған. «Қауіпсіздік бағыты» деп аталған ақпараттық-танымдық көрменің шартты түрде алынған бес «бекеті» бар. Оның біріншісінде оқушылар жыныстық аурулардың берілу жолдары туралы ақпарат алса, екінші «бекетте» АҚТҚ, ЖҚТБ туралы негізгі сұрақтарға жауаптар беріледі. Ал үшінші «бекетте» оқушылар өзара сенім мен сыйластық туралы дәріс алып, төртінші және бесінші «бекеттерде» «қажетсіз» жүктіліктен сақтанудың амалдарымен танысып, денсаулықты күтудің қаншалық маңызды екендігін түсінеді.

7 жыл бұрын (2007) Алматыда «Балалар үйінің» тәрбиеленушілері дайындаған «Жалғас -Многоточие» атты газетінің бірінші саны жарық көрді. Газет электронды және баспа түрінде шығады. Жаңа газеттің мақсаты - жетім балаларды қалай асырап алудың, қамқоршы болудың әр түрлі үлгілерін, жетім балалардың ойлары мен армандарын, қоғамды ақпараттандыру. Жаңа баспаның ерекшелігі, корреспонденттік жүйесі балалар үйінің тәрбиеленушілерінен тұрады, осындай жүйе еш жерде жоқ .

5 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы актіге сәйкес, 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі құрылды. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі таратылды.

5 жыл бұрын (2009) Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Электрондық жатақхана» жобасы жұмыс істей бастады. «Электрондық жатақхана» оқу орнының жұмысын реттеуге, оны оңтайландыруға септігін тигізеді. Яғни, жатақханаға қатысты мәселелерді, онда тұрып жатқан студенттердің түрлі түйткілдерін электрондық тұрғыда басқаруға мүмкіндік туып отыр. Оның бір ерекшелігі, жатақханаға байланысты барлық мағлұматтың бір жерге, оқу орнының ішкі интернет желісіне жинақталатындығында болып отыр. Осы арқылы университеттің жауапты қызметкерлері бақылау, басқару, мәлімет алу секілді көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. Сондай-ақ кез-келген мәселе бойынша есеп жүргізу, нәтижесін бір жерден көре алу, т.б. артықшылықтары да бар. 4 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде Тіл комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдері дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығы әзірлеген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Осы жүйені әзірлеу үшін Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдері дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығына министрлік тарапынан тікелей тапсырма беріліп, соған орай тиісті жұмыс тобы құрылған. Аталған жұмыс тобына елімізге белгілі лингвист ғалымдармен қатар жас мамандар, сондай-ақ мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілге үйретіп жүрген мамандар қатысқан. Бұл бұрын соңды елімізде жасалмаған ауқымды, жүйелі, толыққанды, жан-жақты әдістемелік жүйе. Оның құрамында бүгінгі заманға сай аудио, видео сияқты барлық технологиялармен қамтылған 19 оқу-әдістемелік құрал бар.

4 жыл бұрын (2010) Алматыда Қазақстандағы ұлттық идея туралы кітап жарық көрді. «Қазақстандағы ұлттық идеяны» зерттеу барысына барлық басылымдар атсалысты. Сараптауға түскен қазақ тілді, түрлі позициядағы мерзімді басылымдар арасында ортақ компоненттер кездесті, қазақ тілі мәселесіне келгенде барлық БАҚ, мемлекеттік те, оппозициялық та басылымдар бірдей үн қатты. Қазақ тілі мәселесі бүгінгі күні ең өткір мәселе болып отырғандығы анықталды.

Оқу құралы журналистерге, гуманитарлық факультеттің студенттеріне және саясаттану, тарих, философия, әлеуметтану, масс-медиа мәселелері қызықтыратын жалпы көпшілікке арналған.

4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Жедел әрекет ету ұжымдық күштері туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды

9 жыл бұрын (2005) Алматыда «Әдебиет айдыны» қоғамдық-саяси апталығының алғашқы нөмірі жарық көрді. Басылым қазақ тілінде 5 мың данамен шығарылады. Құрылтайшысы Қазақстан жазушылар одағы.

4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының Ұжымдық желед күштері туралы келісімі ратификациялау туралы» заңына қол қойды

2 жыл бұрын (2012) Павлодарда «Балауса-2012» балалар шығармашығы фестивалі басталды.

2 жыл бұрын (2012) Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Парламент Сенатының депутаты Әділ Ахметовтың «Еуразия коды:бесінші өркениеттің қарсаңында» атты кітабының таныстырылымы өтті.

2 жыл бұрын (2012) РФ Президенті Дмитрий Медведев М.Горький атындағы Орыс академиялық драма театрының әртісі Наталья Косенконы «Достық» орденімен марапаттады. Орденді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников табыстады.

1 жыл бұрын (2013) қазақстандық оператор «Уроки гармонии» фильмі үшін Берлин кинофестивалінің жүлдесіне ие болды.

204 жыл бұрын (1810) Абхазия Ресей империясының құрамына енді.

78 жыл бұрын (1936) КСРО-ның допты хоккейден І чемпионаты басталды.

67 жыл бұрын (1947) Халықаралық заңгерлер бірлестігі құрылды.

67 жыл бұрын (1947) «Америка дауысы» радиостансасы Кеңес одағында хабар таратуды бастады.

39 жыл бұрын (1975) Мәскеуде кеңестік-ағылшындық ядролық қаруды таратпау туралы декларацияға қол қойылды.

35 жыл бұрын (1979) Қытай әскері Вьетнамға шабул жасап, қытай-вьетнамдық соғысы басталды.

31 жыл бұрын (1983) Ада бағдарламалау тілі дүниеге келді.

21 жыл бұрын (1993) Ресейде «Газпром» РАҚ құрылды

20 жыл бұрын (1994) ТМД елдерінің ІІМ «Ұйымдасқан қылмыспен күресудегі өзара ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойды.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1904-2002) тарих ғылымының докторы, Ұлы Отан соғысы ардагері МИХАЙЛОВ Федор Кузьмич дүниеге келді.

Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтында қызмет істеген. Ғалымның негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстанның аграрлық және тың жерлерді игеру мәселелеріне арналған.

Екі мәрте «Қызыл жұлдыз» орденімен, медальдармен марапатталған.

10 1 жыл бұрын (1913-1965) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ӨМІРЗАҚОВ Камаси дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ академиялық драма театры жанында ұйымдастырылған студияда оқыған. Қазақ академиялық драма театрында, Біріккен орталық киностудияда, Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болған. Театр сахнасында Шоңмұрын (М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин»), Далбасхан (Қ.Сатыбалдин «Аякөз арулары»), Миллер (Ф.Шиллер «Махаббат пен зұлымдық»), Карло атай (А.Толстой «Алтын кілт»), Қарашор (Ш.Құсайынов «Алдар көсе»), т.б. рөлдерін ойнаған. Сондай-ақ «Жамбыл», «Абай әні», «Иван Грозный», «Шоқан Уалиханов», т.б. фильмдеріне түскен.

8 3 жыл бұрын (1931-1992) тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты СҮЛЕЙМЕНОВ Рамазан Бимашұлы дүниеге келді.

Астана қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының аспирантуарсын бітірген.

1959-1988 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих, археология жәнее этнография институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директорының орынбасары, директоры. 1986-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ұйғыртану институты жанындағы Шығыстану орталығының жетекшісі қызметтерін атқарған.

Бірнеше кітаптың авторы, 240-тан астам ғылыми еңбектері жарияланған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальмен марапатталған.

7 6 жыл бұрын (1938-2007) әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі КИМ Владимир Александрович дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында туған. Алматы консерваториясын бітірген. Қазақ филармониясының әншісі болып, «Ариран» эстрадалық Ансамблін ұйымдастырған. 1972-1974 жылдары «Қазақконцерт» бірлестігінің әншісі болған. Оның орындауындағы Т.Базарбаевтың «Ауылым», Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр», Е.Хасанғалиевтың «Сағындым сені», «Елігім еркем», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», қазақ халық әні «Айнамкөз», т.б. әндер Қазақ радиосының алтын қорына қабылданған.әнші гастрольдік сапармен Корейде, Қытайда, Жапонияда, Ресейде, АҚШ-та болып, өнер көрсеткен.

7 5 жыл бұрын (1939) журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері КӨШЕНОВ Ғарифолла дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, бас редакторы, облыстық телерадиокомпанияның төрағасы қызметтерін атқарды. «Жас дәурен», «Кең жайлау» жинақтарына топтама өлеңдері, «Еңбек даңқы» кітабына очеркі енді. Айтыстары 1958 жылы «Ақындар үні» жинағында жарияланды.

7 5 жыл бұрын (1939) педагогика ғылымының докторы, профессор ӘБДІКӘРІМОВ Болат дүниеге келді.

Қарағанды облысының Нұра ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1990-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Білім, ғылым және жаңа технологиялар комитеті төрағасының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім министрлігі жанындағы Кәсіби-теникалық білім жөніндегі комитеттің төрағасы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының сектор меңгерушісі. 1997 жылдан Еуразия гуманитарлық институтының кафедра меңгерушісі, профессоры болып істейді. Ғалымның 90-нан астам ғылыми еңбегі бар.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

7 3 жыл бұрын (1941-2006) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының Құрметті мүшесі, қоғам қайраткері САҒИТЖАНОВ Серік Қабдыхалықұлы дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын бітірген.

1965-1967 жылдары - Гурьев машина жасау зауытының шебері, инженер-технологы, аға инженері. 1967-1970 жылдары - «Байшонас» мұнай өндірістік басқармасының механигі, бас механигі. 1970-1976 жылдары - «Жайықмұнай», «Доссормұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының бас механигі. 1976-1977 жылдары - Доссор елді-мекеніндегі өндірістік қызмет көрсету орталық қоймасының бастығы. 1977-1983 жылдары - Новобогатинск аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1983-1985 жыдары - Новобогатинск аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1985-1988 жылдары - Мақат аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1988-1990 жылдары - Гурьев қалалық Халықтық бақылау комитетінің төрағасы. 1991-1992 жылдары - «Гурьевмұнайгазгеология» бас директорының орынбасары. 1992-1993 жылдары - Мақат ауданы әкімшілігінің басшысы. 1993-1994 жылдары - Атырау облысы әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-1999 жылдары - «Теңізмұнайгаз» АҚ-ының бас директоры, президенті. 1999-2000 жылдары - «Қазақойл-Ембі» ААҚ өндірістік қызмет көрсету орталық қоймасының бастығы. 2001-2002 жылдары - «Жігермұнайсервис» ЖШС-інің директоры қызметтерін атқарған. 2002 жылдан зейнеткерлік демалысында болған.

Құрмет орденімен және медальдармен марапатталған.

6 5 жыл бұрын (1949) «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы ШКОЛЬНИК Владимир Сергеевич дүниеге келді.

Ресейде туған. Мәскеу физика-математика институтын бітірген. Маңғыстау энергокомбинатының инженер-физигі, зертхана бастығының орынбасары, бас инженері, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің бас директоры. 1994-1996 жылдары - ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрі. 1996-1999 жылдары - ҚР Ғылым академиясының президенті және Ғылым министрі. 1999-2000 жылдары - ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрі. 2000-2007 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Энергетика және минералдық ресурстар министрі, ҚР Индустрия және сауда министрі. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдан Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2009 жылдан қазіргі қызметінде. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

«Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

5 9 жыл бұрын (1955) бокстан спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Б У ДАНБЕКОВ Дамир Бұлтпайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 10 жасынан бокспен айналысқан. Жаттықтырушысы - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Цхай. Қазақстанның жасөспірімдер арасында, жастар арасында өткен біріншіліктердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 1974 жылы Қазақстанның чемпионы болған. КСРО кубогының, Горький қаласында өткен Жастар ойынының қола жүлдегері атанған.

Еліміздегі белгілі боксшылар Тимур Нұралиев, Болат Ниязымбетовтар мен Қытай Халық Республикасының чемпиондары А.Әбдірахман, З.Нұртайды жаттықтырған.

5 8 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің директоры ТҮЙМЕБАЕВ Байсейіт Қансейітұлы дүниеге келді..

Оңтүстік Қазақстан Алғабас ауданда туған. Қазақ химиялық технологиялық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген..

1979-1987 жылдары - Шевченко пластмас зауытының шебері, инженері, аға инженері. 1987-1988 жылдары - Маңғышлақ облыстық атқару комитетінің жетекші маманы, төраға орынбасарының референті. 1988-1989 жылдары - «Қаражан-бастерммұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының басқарма бастығы, Шевченко қаласындағы облыстық тұрғын-үй коммунальдық шаруашылығының бөлім бастығы. 1989-1992 жылдары - Шымкен облыстық атқару комитеті төрағасының экономикалық кеңесшісі, комитет төрағасы бірінші орынбасарының көмекшісі, комитет төрағасы орынбасарының көмекшісі. 1992-1999 жылдары - Оңтүстік Қазақстан әкімшілігі басшысы орынбасарының референті, жетекші маманы, Оңтүстік Қазақстан әкімі бірінші орынбасарының аға референті,бас маманы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім меңгерушісі. 2002-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры, басқарма бастығы. 2007-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының әкімі, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша аймақ аралық инспекциясының бастығы қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - қазіргі қызметінде.

5 5 жыл бұрын (1959) ҚР Өңірлік даму вице-министрі НОКИН Серік Кеңесұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. 1982 жылы Саратов жоғарғы әскери-инженерлік училищені, 2003 жылы

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдады. 1982-1995 жылдары Ақтөбе хром қосылыстары зауытының мастері, цех бастығының орынбасары, цех бастығы, коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1995-1998 жылдары «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ басқарма төрағасы, президенті болды. 1998-2002 жылдары - «Жылуэнергия» АҚ президенті, директоры. 2002-2006 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2006-2008 жылдары - Ақтөбе қаласының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылғы қазаннан бастап 2009 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.2009 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы.Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы ақпаннан бері.

Құрмет» орденімен (2005); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған..

1389 жыл бұрын (625-705) қытай императоры Тайцзуньнің тұтқынындағы әйел, Қытайды қырық жыл басқарған У ХОУ дүниеге келді.

23 3 жыл бұрын (1781-1826) француз дәрігері және анатомы, стетоскопты жасаған өнертапқыш, клиникалық-анатомиялық әдістің негізін қалаған ЛАЭННЕК Рене Теофиль Мари Гиацинт дүниеге келді.

1 40 жыл бұрын (1874-1956) американдық өнеркәсіпші, электрондық жазу машинкасын және есептеу техникасын ірі өндіруші ІВМ фирмасының негізін қалаған Томас УОТСОН дүниеге келді.

13 4 жыл бұрын (1880-1928) мексикалық әскери және саяси қайраткер, Мексика революциясына қатысушы, 1920-1924 жылдардағы Мексика президенті Альваро Обрегон Салидо дүниеге келді.

67 жыл бұрын (1947) эстрада әншісі, ақын, композитор, РФ еңбек сіңірген әртісі МАЛЕЖИК Вячеслав дүниеге келді.