17 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
9.30-даRadisson Hotel Astana қонақ үйінде Түркі мемлекеттер ынтымақтастығы ұйымы «Түркі әлеміндегі экономикалық байланыс және интеграция» атты сарапшылар отырысын өткізеді.
10.00-де Парламент Сенатында Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді.
10.00-де Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде пластик қалдықтарын ұтымды басқаруға арналған жыл сайынғы PlastNet 2023 конференциясы ұйымдастырылады.
14.00-де«Думан» қонақүйінде Tartyl FEST республикалық турнирінің гранд-финалы қарсаңында салмақ өлшеу рәсімі өтеді.
15.00-деҚабанбай батыр, 58б мекенжайында Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады.
17.30-да TSE арт-кеңістігінде «Seniminmen» қайырымдылық қоры ұйымдастырған қатерлі ісік ауруымен күресу тарихы туралы алғашқы қазақстандық көркем көрме өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гаухартас» музыкалық драмасының премьерасы болады.
19.00-деАстана Балет театрында «Сұлтан Бейбарыс» балеті қойылады.
19.00-деНомад Сити Холл театрында «Другая Дюймовочка» қойылымы сахналанады.
19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымы «Композиторлар портреті» концертін өткізеді.
19.00-де «Наз» мемлекеттік би театры «U-SANA» хореографиялық спектаклін ұсынады.