17 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 17 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де www.senate.parlam.kz сайтында ҚР Парламенті Сенаттың отырысы өтеді.

11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Е. Н. Абақанов, П.О. Казанцев, Ж. Н. Нұрманбетова, Л. П. Павловец, Б. М. Сартбаев көшпелі жұмыс аясында «Шарын» базарына барады.

11.00-де №92 мектеп-лицейінде инклюзияны қолдау кабинетінің ресми ашылуы өтеді.

11.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында «Сервистік модельді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру аясында Алматы ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының қызметі» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны кезеңіне дайындық туралы түсіндіру және ақпараттандыру» атты баспасөз мәслихаты өтеді: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16:00-де ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан халқына сүйіспеншілікпен – әлем ғажайып бояуда» атты көрменің ашылуы өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Білім беру саласындағы инвестициялық жобалар» атты баспасөз мәслихаты өтеді: https://ru-ru.facebook.com/user/ortcomkz

19:30-да «Сарыарка» республикалық велотрегінде баскетболдан Астана және Уникс командаларының турнирі өтеді.