17 ауғандық полицей тәлібтермен ұрыста қазаға ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіктегі Гильменд провинциясында «Талибан» қозғалысы исламшыларымен қақтығыста кемінде 17 полицей қазаға ұшырады, деп хабарлады Би-би-си.

Ресми мәліметтерге қарағанда ұрыс тәлібтер Муса-Қала маңындағы өткізу пунктіне шабуыл жасағаннан кейін басталып, бірнеше сағатқа созылған.

Жергілікті өкімет орындарының хабарлауынша, 10-ға тарта содыр атыста оққа ұшқан.

Гильменд полициясының қызметкерлері ұрыс кезінде оларға көмек келмегеніне қынжылыс білдірді.

Өткен жылы НАТО әскерлері елден шығарылғаннан кейін тәлібтер шабуылды жандандырды, олардың барысында ондаған ауған полиццейлері мен әскерилер мерт болды.