17 ел Астанада дзюдан өтетін Әлем біріншілігіне қатысатындарын растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдо күресінен Астанада өткізілетін әлем біріншілігінде 17 мемлекеттің спортшылары қатысатындықтарын растады, деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясынан.

Сонымен, келесі елдердің спортшылары додалы бәсекеде бақ сынасуға дайын: Жапония, Бразилия, Чехия, Монако, Сауд Арабиясы, Канада, Нидерланд, Бельгия, Швеция, Тунис, Англия, Болгария, Германия, Финляндия, Тәжікстан, Тайпей. Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан әлем біріншілігі Астанада 24-30 тамыз аралығында «Алау» мұзайдыны сарайында өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында (www.datastat.si/IJF_media/) Әлем біріншілігінің өту барысын қадағалайтын журналистерді тіркеу жалғасуда. Сондай-ақ «Алау» мұзайдыны сарайында тілшілер қауымы үшін баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.