17 қаңтар. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 17 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

17 қаңтар, ЖҰМА

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

5 4 жыл бұрын (1960) «Білім және еңбек» деген атпен ғылыми-танымдық журнал жарық көрді. 1989 жылдан «Зерде» деген атаумен шығады. Журнал өз оқырмандарын, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді отандық және әлемдік ғылым мен білім саласындағы жаңалықтармен таныстырып келеді. Қазақ басылымдарының ішінде алғаш рет әл-Фараби туралы мақала осы журналда жарияланды. Абылай хан мен Әбілқайыр ханның суреттері де тұңғыш рет «Білім және еңбекте» жарық көрді.

2 2 жыл бұрын (1992) Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.

2 2 жыл бұрын (1992) «Zaman - Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

2 2 жыл бұрын (1992) Алматыдағы № 9 мектеп-интернат негізінде алғашқы түрік колледжі ашылды. 1 8 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары басталды. Сапар барысында бірнеше құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде «Достық пен ынтымақтастық туралы» шарттың орны ерекше.

1 3 жыл бұрын (2001) Оралда өрт сөндіретін машина шығарыла бастады.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдық мерейтойына арналған пошта маркаларын «Қазпошта» АҚ айналымға шығарды. Пошта маркасында Парламенттің 10 жылдық мерейтойының ресми символикасы Қазақстанның туын бейнелейтін көгілдір түсте бейнеленген. Маркалардың номиналы - 50 теңге, тиражы - 50 мың дана. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Пошта маркасы Бейжің пошта төлемдер белгілері фабрикасында (ҚХР) шығарылды.

6 жыл бұрын (2008) «Отан сақшысы-Часовой родины» газетінің және «Шекара» журналының редакторы Нұрлан Сағымбаев Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің «Шекараның алтын қауырсыны» сыйлығының лауреаты атанды.

Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) бұл сыйлығы шекарашы-офицерлер мен шығармашылық интеллигенция өкілдеріне әскери-патриоттық тәрбие мен Ресей федералдық шекара қызметінің жұмысын насихаттауға қосқан үлесі үшін беріледі.

5 жыл бұрын (2009) Өскеменде есімі өлкенің автомобиль саласының қалыптасуы мен дамуына тікелей қатысты қаланың құрметті азаматы Григорий Флейтлихқа арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті.

Г.Флейтлих (1927-2007) бұл салаға өзінің 50 жылдық еңбегін арнады. Оның жетекшілігімен облыстық жолаушылар кәсiпорындарының ең iрi материалдық-техникалық базасы және көлiк инфрақұрылымы салынды. Григорий Флейтлих Өскемен қаласының құрметті азаматы атағына ие болған, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапаталған.

4 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орыс Православ шіркеуінің ең жоғары ордендерінің бірімен марапатталды. Орденді Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл тапсырды.

4 жыл бұрын (2010) Астанада Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл жаңадан салынған Успен кафедралдық соборын дәріптеу рәсімін өткізді.

Успен кафедралдық соборы Астанада Қасиетті Успения құдай-ананың құрметіне салынды. Бұл соңғы онжылдықтардағы Орталық Азияда салынған алғашқы кафедралдық храм. Успен соборының құрылысы 2005 жылдан бастап жүргізілді, оның көлемі 900 шаршыметр, күмбезінің ұшар басына дейінгі биіктігі 68 метр. Успен кафедралық соборы ғимаратының күмбезі 2009 жылғы тамыздың 25-інде орнатылды. Храмға бір мезгілде төрт мыңға дейін адам сияды.

3 жыл бұрын (2011) Мемлекет басшысы КО кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың ақшалай қаражат және (немесе) ақшалай құралдарды алып өту тәртібі туралы Келісімді ратификациялау туралы ҚР Заңына қол қойды

3 жыл бұрын (2011) Жуалы ауданындағы халық жазушысы, аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының мұражайына батырдың жеке заттары тапсырылды

2 жыл бұрын (2012) ҚР Ұлттық банкі Қазақстандағы VII қысқы Азия ойындарға арналған 2000 теңге номиналындағы банкноттарды айналымға енгізді

ЕСІМДЕР

81 жыл бұрын (1933) ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЖАНАЕВ Нұрхан дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Облыстық радиода, Тереңөзек аудандық «Еңбек майданы» газетінде журналистік қызмет атқарған. 1958 жылы Алматыға қызметке ауысып, республикалық газеттерде, баспа, теледидар, радио салаларында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен. Қазір зейнет демалысында. Ақынның алғашқы жырлары «Жас дәурен» атты жастар жинағына енген. «Жау, жау, жаңбыр», «Құстар ұшып келеді», «Жанымның жазирасы», «Дәмді палау», «Әнші торғай», «Сыбдырлайды жапырақ», «Нұрлы аспан», т.б. жыр жинақтары жарық көрген.

109 жыл бұрын (1905-1987) ғалым, малдәрігерлік ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері БОЕВ Сергей Николаевич дүниеге келді.

Орал қаласында туған.

Саратов зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген.

Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директордың орынбасары, Қазақстан Ғылым Академиясы Зоология институтының зертхана меңгерушісі, ғылыми кеңесші қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері үй малдары мен тұяқты жабайы аңдарда кездесетін гельминттерді зерттеуге арналған.

К.Скрябин атындағы сыйлықтың иегері. 2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Оның есімі Республиканың Құрметті Алтын кітабына жазылған.

104 жыл бұрын (1910-1974) экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі БУТИН Мәжікен Есенұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында туған.

Ленинград тұтынушылар кооперациясы институтын, Мәскеу экономика және тауартану институтының аспирантурасын бітірген.

Бутин әсіресе, бухгалтерлік есеп саласының республикада орнығуына, бухгалтер мамандар даярлауға үлкен үлес қосты. 1957 жылы ҚазМУ-де республикадағы тұңғыш бухгалтерлік есеп кафедрасын ұйымдастырды.

1945-1954 жылдары - Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі. 1967 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Тамақ өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары болып істеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау салаларының теориялық және тәжірибелік негіздеріне арналған.

«Бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік сараптау», «Қазақстан тамақ өнеркәсібінің экономикасы» атты кітаптардың авторы.

І дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

73 жыл бұрын (1941-2004) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор МЫРЗАБЕКОВ Сұлтан Шайымұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған. Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институтын(Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 160-тан астам ғылыми еңбектің авторы. 1967-1992 жылдары аталмыш институтта қызмет істеген. 1992-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Білім министрлігінде, 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың ұлттық аграрлық университетінде ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарған.

Негізгі ғылыми бағыты - генетика және мал өсіру, биотехнологияға арналған. Ол қазақтың етті-жүнді қойының және қазақтың оңтүстік мериносының мерке тұқымішілік түрін шығаруға қатысқан.

62 жыл бұрын (1952) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты СОЛОВЬЕВА Айгүл Сағадибекқызы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, химия пәнінің оқытушысы. Техника ғылымдарының кандидаты. 1970 - 1975 жж. - Қазақ мемлекеттік университеті, химия факультеті. 1983 - 1986 жж. - аспирантура 1975 - 1979 жж. - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы химия ғылымдарының институты, аға лаборант, инженер, тотық балқытпасы зертханасының аға инженері. 1979 - 1993 жж. - Стромпроект ҒЗИ, силикаттардың физикалық-химия зертханасының кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері; «Баяу балқитын және металл емес материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Кандидаттық және докторлық кеңесінің ғылыми хатшысы. 1993 - 2007 ж. - «Базальт-Инт» ЖШС-ның бас директоры. 1983 - 1987 ж. - Қазақстанның ЛКЖО ОК жанындағы Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің Республикалық ғылыми - техникалық комитетінің төрайымы. 1998 - 2002 ж. - Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Атыраудағы филиалының төрайымы. 2000 - 2003 ж. - Қазақстан Сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығының төрайымы. 2003 - 2006 ж. - Қазақстан Сүт Одағының тең төрайымы; 2005 жылдан бастап «Атамекен» ҚҰЭП» Үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2006 жылдан бастап «Қазақстан Азаматтық Альянсының» Үйлестіру кеңесінің төрайымы. 2007- 2011 жж. төртінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылғы қантардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. 40 ғылыми еңбек пен мақаланың авторы, 5 авторлық куәліктің иесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

61 жыл бұрын (1953) Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы директорының орынбасары, суретші, өнертанушы НҰРАЗХАН Еркін Ибрагимұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Жалғызтал ауылында туған. 1974-1978 жылдары Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде, 1978-1986 жылдары Т.Жүргенов атыңдағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтында оқыған. 1982-1992 жылдары «Балдырған» журналының көркемдеуші редакторы; 1993-2002 жылдары «Түркістан» қоғамдық-саяси апталығының суретшісі, бөлім меңгерушісі; 2002-2005 жылдары «Өнер» баспасының бас редакторы болды. 2006-2007 жылдары Ә.Қастеев атындағы Өнер мұражайында бөлім меңгерушісі, бүгінгі күні осы мұражай директорының орынбасары. «Ұлт пен рух» мақалалар жинағы (2003), «Кімге күлеміз?» сатиралық суреттер альбомы (2005) жарық көрген. Қазақстан Суретшілер және Журналистер одағының мүшесі. ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.

51 жыл бұрын (1963) «Нұр Медиа» холдингі бас директорының бірінші орынбасары ОРАЗОВ Нұрай Нұрғожаұлы дүниеге келді.

Қостанай қаласында туған. С. Сейфуллин атындағы Целиногра д педагогикалық институтын ( 1985 ) орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; « Туран» университетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты (1997). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Н.С. Гумилевтің өлеңдері». 1985 жылдан - Целиноград педагогикалық институтының оқытушысы. 1990 жылдан - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты, аға оқытушысы. 1998 жылдан - ҚР Мәдениет , ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің құжаттық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің кеңес берушісі. 2002 жылдан - ҚР Мәдениет , ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Президентінің Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2006 жылдан - « КаzЕnеrgy» ҚҚ сараптау-талдау тобының жетекшісі. 2007 жылдың қаңтарынан - ҚР Мәдениет және министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы. 2007 жылдың қазанынан - « Арна Медиа» ¥лттық ақционерлік холдингі» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары. 2010 жылдың наурызынан - Қ Р Ақпарат министрлігінің ақпарат жөніндегі вице-министрі. Қазіргі қызметінде 2011 жылғы қарашадан бері.

5 4 жыл бұрын (1960) Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары НҰРТАЕВ Рзақұл Сәденұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылында дүниеге келді.1977 жылы орта мектепті алтын медальмен бітіріп, 1982 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын «Кенді жабық қазу технологиясы және комплексті механизацияландыру» мамандығы бойынша жоғарғы білім алды. Еңбек жолын 1983 жылы Алматы СУ трест «Қазақвзрывпром» жер астын бұрғылау жұмыстары маманы болып бастап, 1984-1986 жылдары № 05909 әскери диспетчерлік бөлімінің инженері, 1986-1987 жылдары аралығында СНМТ «Спецмонтаж» бірлестігінде № 10 учаскесінің инженері, 1987-1990 жылдар аралығында № 10992 әскери бөлімшеде прораб қызметін атқарған. 1990-1993 жылдары жалгерлік «Қазтепломонтаж» мекемесінің бастығы, 1993-1997 жылдары Төретам қыстағының әкімі, 1997 жылдың шілдесінен 2001 жылдың наурызына дейін Төретам және Ақай қыстақтарының әкімі болып қызмет атқарды. 2001 жылдың наурыз айынан бастап 2004 жылдың мамырына дейін ғылым мен техниканың ең дамыған саласы аэроғарыш агенттігіне қарасты «Ифракос» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Бас директоры болып қызмет атқарды. 2004 жылдан мамыр айынан бастап 2007 жылдың ақпан айына дейін Қармақшы ауданының әкімі. 2007 жылдың ақпан айынан 2008 жылдың наурыз айына дейін - Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы. 2008 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2010 жылдың ақпан айынан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2012 жылдың 11 наурызынан бастап Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқаруда.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

77 жыл бұрын ( 1937 ) жазушы, оннан астам повесть пен әңгімелер жинағының авторы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі ҒАББАСОВ Энгельс Ғаббасұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауданында туған. Филология ғылымының кандидаты ( 1976 ), доцент ( 1978 ). Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін ( 1957 ), Алматы жоғары партия мектебін ( 1966 ), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын 1976 ) бітірген. 1957 - 1968 жылдары мұғалім, комсомол жұмысында, 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. 1996 жылы ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды. «Қарт шопан» атты алғашқы әңгімесі «Простор» журналында ( 1965 ) жариялайды. Шығармаларын орыс тілінде жазады.

64 жыл бұрын ( 1950 ) «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының балетмейстері БӨРІБАЕВА Ғалия Ысмайылқызы дүниеге келді.

Жамбыл қаласында туған. А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін (1970) балет әртісі мамандығы бойынша; Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтының хореография факультетін (1975) хореограф мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сценография факультетін (2004) қоюшы суретші мамандығы бойынша бітірген. Қазақ , орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1970-1992 жылдары - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке балет орындаушысы (Алматы). 1998 жылдан - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының балетмейстері (Алматы). 2002 жылдан - К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балетмейстері. 2005 жылдан - Қарағанды музыкалық комедия театрының бас балетмейстері . 2008-2010 жылдары- Астана балет компаниясының бас балетмейстері. 2008 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры балет труппасының меңгерушісі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

58 жыл бұрын (1956) ҚР Жоғарғы сотының судьясы СӘРСЕНБАЕВ Амангелді Өмірбайұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Еңбек жолын 1983 жылы электровоз машинисінің көмекшісі болып бастады. 1978-1983 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті заң факультеті комсомол комитетінің хатшысы, университет комсомол комитеті хатшысының орынбасары. 1984 жылы - ҚЛКЖО ОК нұсқаушысы. 1985-1988 жылдары - Совет аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1988-1992 жылдары - Совет аудандық сотының судьясы. 1992-1996 жылдары - Алматы қаласы әділет басқармасы бастығының орынбасары, бірінші орынбасары, бастығы. 1996-1997 жылдары - Көкшетау облыстық сотының төрағасы. 1997 жылы - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 1997-2001 жылдары - ТМД Экономикалық сотының судьясы. 2001 жылы - ҚР Әділет министрлігінің сот қаулыларын орындау комитетінің төрағасы. 2001-2002 жылдары - ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілендіру комитетінің атқару өндірісін ұйымдастыру департаментінің директоры. 2002-2006 жылдары - ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2006 жылғы маусым-қазан айларында - ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2006-2008 жылдары - Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2008-2012 жылдары - Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы. 2012-2013 жылдары - Астана қаласы сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы желтоқсаннан бері.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

5 3 жыл бұрын (1961) кеңесік және грузин шахматшысы, 6-шы әлем чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері ЧИБУРДАНИДЗЕ Майя Григорьевна дүниеге келді.

7 2 жыл бұрын (1942) даңқты американ боксшысы Мохаммед АЛИ (шын аты-жөні - Кассиус Клей) дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1933-1987) француз әншісі және актрисасы ДАЛИДА (Иоланда Кристина Джильотти) дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1945) кеңестік және ресейлік жазушы-сықақшы, Ресей өнеріне еңбек сіңірген қайраткер АЛЬТОВ Семен Теодорович дүниеге келді.