17 қаңтар күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 17 қаңтар күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның қатысуымен «ДосболLIKE» республикалық акциясын бастау рәсімі өтеді.
11.00-де «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында құрылыс және ТКШ комитеті және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Құрылыс кодексінің жобасы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
19.00-де Astana Opera театрында «Романс туралы романс» атты камералық музыка кеші өтеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Хат» философиялық драмасы сахналанады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі көрсетіледі.
19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Кішкентай ханзада» моноспектаклі қойылады.