17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жер-жерлерде қар, боран, қатты жел, тұман, көктайғақ сақталады.

Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облысында кей жерлерде боран күтіледі, түнде 15-20 м/с-қа жел күшейеді. Атырау облысының бірқатар аймақтарында тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20 м/с-қа дейін жетеді, таңертең және күндіз бұрқасын болады. Күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с-қа күшейіп, боранмен екпіні 23 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, боран соғады, түнде кейбір жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с-қа, күндіз 17-22 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде боран күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жер-жерлерде бұрқасындатып, желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ. Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жер-жерлерде тұман, көктайғақ, Жамбыл облысында жел 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде боран соғады, жел 17-22 м/с-қа күшейеді. Сотүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде Павлодар, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде боран соғып, жел 15-22 м/с-қа күшейеді.