17 қараша күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 17 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.30-да елорданың орталық көшелерінде автошеру өтеді. Оған эвакуаторлардағы апатқа ұшыраған автомашиналар, тақырыптық билбордтары бар автобустар тартылады.
Колонна қозғалысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар туралы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге дыбыстық үндеумен бірге жүреді.
10.00-де Президент орталығында «HR және цифрлық технологиялар гармониясы: сәтті командаларға арналған инновациялар» тақырыбында конференция өтеді.
10.00-де Hilton Astana» қонақ үйінде Инвестиция жөніндегі қазақстандық жаһандық дөңгелек үстел (Kazakhstan Global Investment Round Table - 2023) өтеді.
11.00-де ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы жөнінде брифинг өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық чемпионаты өтеді.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
15.30-да Astana Hub пен Google for Startups бірлескен Silkway Accelerator бағдарламасының Demo Day іс-шарасын өткізеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» музыкалық комедиясы сахналанады.
19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Сені сағындым» драмасы қойылады.