17 қараша. Туған күн иелері

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.



ЕСІМДЕР

78 жыл бұрын (1940) ғалым, тарихшы-археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Берлиндегі Неміс археологиялық институтының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Карл Молдахметұлы БАЙПАҚОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Талғар қаласында туған. Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1963-1989 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болды. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты Археологиялық орталығының жетекшісі қызметтерін атқарады. 1991-2010 жылдары - Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры қызметін атқарды. 2011-2016 жылдары «Қазақстан археология қоғамы» ҚБ төрағасы; 2016 жылдан бері - Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының міндетін атқарушы.

Қазақстанның орта ғасырлық тарихын, қала мен дала арасындағы байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. 40-тан аса монография, археологияға байланысты 4 оқу құралы, 4 мектеп оқулығы, 12 альбом және 500-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Бірнеше халықаралық конференцияларға қатысып, ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті. ЮНЕСКО-ның Орта Азия тарихымен айналысатын халықаралық ғылыми комитеті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. «Парасат» орденімен және медальдармен марапатталған.

57 жыл бұрын (1961) Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы ТОРҒАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Меркі ауданы Киров атындағы совхозда дүниеге келген. 1979 жылы Шу ауданы Новотроицк ауылының М.Әуезов атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтына түсті.

1984 жылы "ғалым-агроном" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмәмдап, еңбек жолын Благовещенск ауылындағы Көк-Қайнар қызылша совхозында тұқым өсіруші агроном ретінде бастады.

1985 жылдың ақпан айында осы совхоздың аға агрономы болып тағайындалды. 1988 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Көк Қайнар қызылша өсіру совхозында бас инженер-гидротехник міндетін атқарды.

1988 жылдың желтоқсан айынан 1993 жылдың қаңтар айына дейін Жамбыл облысының Талапты совхозының бас агрономы болды.

1993 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың ақпанына дейін Жуалы ауданы Бурный совхозының директоры болды.

1998 жылдың ақпан айынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2004 жылдың желтоқсаннан 2005 жылдың наурыз айы аралығында Жамбыл облысының әкімдігінде жер қатынастары басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2005 жылдың наурыз айынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары болды.

2007 жылдың қаңтарында  Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2009 жылдың тамызында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі лауазымына тағайындалды.

2015 жылдың ақпанында, Бостандық ауданы әкімі болып тағайындалды. Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап.

2001 жылы Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" мерейтойлы медалімен марапатталған.


56 жыл бұрын (1962) Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Еркінұлы ЖАЗЫЛБЕК дүниеге келді.

1984 жылы Алматы сәулет және құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы, ал 2009 жылы Қонаев атындағы университетті «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы бастаған ол әр жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. Мемлекеттік қызметте де мол тәжірибеге ие. Алматыдағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінде бөлім басшысы, «Қорғас» халықаралық шекаралық әріптестік орталығында департамент директоры, Алматы қаласындағы сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің инфрақұрылым және экономиканы дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың қараша айынан бастап.

 

35 жыл бұрын (1983) Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Данияр Зиябекұлы ИДИЯТОВ дүниеге келді.

Көкшетау қаласында туған.

2006 жылы Туркияның Балыкесир университетін туризм факультеті бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазТур» ЖШС (Интурист - Thomas Cook) Астана филиалында басшы ретінде бастады. 

2011-2012 жылдары АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тілдер курсынан өтті.

2012-2016 жылдары Астанадағы «Проспект-Недвижимость» ЖШС директорының орынбасары болды.

2016 жылы Астанадағы «Turoteka.kz» ЖШС директоры.

2017 жылы Ақмола облысының «Туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың наурыз айынан бастап. 

Соңғы жаңалықтар