17 қазан күні Қазақстанда өтетін шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
9.15-те ҚР Әскери-тарихи музейінде Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Құтқарушылар күніне арналған мерекелік шара өткізеді.
9.30-да Назарбаев Университетінде Халықаралық энергетикалық экономика қауымдастығы (IAEE) ұйымдастырған «Каспий теңізі мен Орталық Азияның энергетикалық ресурстары: аймақтық және жаһандық перспективалар» тақырыбында IV Еуразиялық конференция өтеді.
9.30-да «Marriott» қонақ үйінде «Алтын орда: тарих және тарихи жады» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Сенаттың кезекті отырысы басталады.
11.00-де Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының таныстырылымы өтеді.
11.00-де «ASTANA» орталық шахмат клубында әлем чемпионы Меруерт Камалиденованы құрметтеу рәсімі туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де елордалық Достық үйінде «Бірыңғай жалпы құндылықтарды қалыптастыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүйелі іске асырылуын қамтамасыз ету» тақырыбында жиын өтеді.
11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде брифинг өтеді.
12.20-де ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа экологиялық кодекс жобасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
14.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР білім және ғылым вице-министрінің қатысуымен «Орта білім, техникалық және кәсіби білім беру мәселелері бойынша Жолдауды іске асыру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
14.30-да «Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеу орталығында «True or False» жобасы аясында жастар медиасауаттылық бойынша тренингтен өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де ҚР Президентінің архивінде «Архив ісі заманауи кезеңде: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
10.00-де Қазақ тағамтану академиясында бүкіләлемдік остеопорозпен күрес күніне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
10.00-де «Rixos Almaty» қонақ үйінде «Export Acceleration Mission to Almaty» шарасы өтеді.
11.00-де «Жандосов» тұрғын үй кешенінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Алматы қаласының капиталдық құрылыс кәсіпорны» ЖШС баспасөз турын өткізеді.
11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да IV Халықаралық түркі әлемінің деректі фильмдері фествалі ашылады.
15.00-де ҚР Орталық мемлекеттік музейі қазақстандық суретші және мүсінші Бақытжан Әбіштің «Дала дауысы» еске алу көрмесін ашады.