17 қазан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 17 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

42 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жұмабекұлы ЖАМАУОВ дүниеге келді.

Атырау қаласында дүниеге келген. С. Демирел атындағы университетті, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кіші кеңесшісі болып бастаған. 2006-2009 жылдары – Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кеңесшісі, супервайзері. 2009-2015 жылдары – «Жамбыл Петролеум» ЖШС менеджері. 2015-2019 жылдары – «Жамбыл Петролеум» ЖШС атқарушы директоры. 2019-2020 жылдары — «PSA» ЖШС техникалық тобының басшысы. 2020-2023 жылдары «PSA» ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Қазіргі лауазымын 2023 жылғы 1 шілдеден бастап атқарып келеді.

39 жыл бұрын (1984) Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Рахымбердіұлы ӨТЕБАЕВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген, бұдан әрі «Қайнар» университеті мен 2012 жылы – Аризона Штатында (АҚШ) орналасқан университетті тәмамдады.

Еңбек жолын 2006 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық қондырғылардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ радиомониторинг бөлімінде инженер болып бастады. Көлік және коммуникациялар, инвестициялар және даму, ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері болды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеген. 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сақтауды бақылау бөлімінің басшысы болды. 2019-2023 жылдары Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы.

53 жыл бұрын (1970) қазақ эстрада және опера әншісі Толқын Тоқтаубайқызы ЗАБИРОВА дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) және оның аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы: 1993-1995 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қызмет атқарды. 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер кафедрасында вокал-педагогика практика пәнінің оқытушысы.

«Янтарный соловей» (Калининград қаласы, 1996) және «Әлібек Дінішевтің театры» (Алматы қаласы, 1998) атты Халықаралық конкурстардың лауреаты. Сонымен қатар, бірнеше Халықаралық эстрада байқауларының лауреаты.

50 жыл бұрын (1973) Сауда және интеграция министрлігі заң қызметі департаментінің директоры Сергей Михайлович ЛИ дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Санкт-Петербург жоғары әскери командалық училищесін құқықтану мамандығы бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған, заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын банк саласында бастады. «Қазагропромбанк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының заң кеңесшісі, «Казкоммерцбанк» ААҚ Ақтөбе филиалының заң кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Еңбек-Ақтөбе» РМК директоры болды. Ақтөбе облысының салық комитетінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, Ақтөбе облыстық салық департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бастығы қызметін атқарды. Ақтөбе облысы сот актілерін орындау департаментін басқарды және Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің сот актілерін орындау Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасының ішкі әскерлерінде қызмет етті.

50 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы Ерлан Аңсағанұлы ҚИЯСОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Санитария, гигиена, эпидемиология» мамандығы бойынша, 2005 жылы Орталық Азия университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары, 1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болып еңбек етті. 1999-2020 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының құрылымында - Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары қызметтерін атқарды. 2020-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитар дәрігер болды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан атқарып келеді.