17 қазанда елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
22:04, 16 Қазан 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 қазан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
09:30-да жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы болады. Ол Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновтің қатысуымен өтеді. Орналасқан жері: 69-көше,
№2 құрылым («Big Шанхай» жақта)
13: 00-де «Жекпе-жек» спорт кешенінде Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жас жауынгер» спорт фестивалі басталады. Іс-шараға Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Әнуар Садықұлов пен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков қатысады.