17 қазанда Қазақстанның батысында ғана күн ашық болады
19:32, 16 Қазан 2012
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, 17 қазанда Қазақстанның орталық, солтүстік және оңтүстік аймақтары атмосфералық фронтальдық бөліктердің аумағында орналасады, олармен бірге оңтүстік және оңтүстік-шығыста - жаңбыр, солтүстік, солтүстік-шығыс, орталықта - жауын-шашын, екпінді жел болады.
Батыста ғана жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында, батысы мен орталығында жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқулары күтілуде.