Қазгидрометтің хабарлауынша, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.