17 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай  жарқылдайды, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облыстарында да желдің екпіні 15-20 м/с болады.