17 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

14.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Ә. Кекілбаев залында «Әке мен бала» жобасы аясында «Әкеге алғыс» тақырыбында клуб отырысы өтеді.

18.30-да Жастар театрында гастрольмен келген Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымын ұсынады.

18.30-да Жас көрерменнің музыкалық театрында М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Восемь любящих женщин» детективті трагикомедиясын ұсынады.

19.00-де Astana Opera театрында Дж. Вердидің «Дон Карлос» операсы қойылады.