17 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 17 маусым күні елорда мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Мәжілісте су саласын дамыту мәселелері бойынша Парламент тыңдауы өтеді.

10.00-де «Hilton Astana» қонақүйінде Astana Mining & Metallurgy конгресі аясында ІІІ Көмір өнеркәсібі форумы өтеді. Оны Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы ұйымдастырады.

11.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында Qazaqstan Live Fest 2022 халықаралық туризм, спорт және белсенді өмір салты көрмесі өтеді.

11.00-де Назарбаев Университетінде «Қазақстандық стартап логистикада серпіліс жасауда» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс министрлігінің медиа-алаңында «Әскери-патриоттық тәрбие, «Айбын – 2022» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны» және «Мемлекет басшысының армиядағы құқықбұзулар мен теріс құбылыстарды жою жөніндегі тапсырмасын іске асыру шаралары» тақырыптарында брифинг өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Бекіре-2022» кең ауқымды балық қорғау акциясының қорытындысы» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Аян Бахиянов – ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары; Сабыр Хасанов - ҰҚК Шекара қызметінің Департамент басшысының орынбасары - Жағалау күзеті басқармасының басшысы, 1 ранг капитаны; Жасұлан Байкенов - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Профилактикалық қызмет басқармасының басшысы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында ұлттық парктерде экологиялық туризмді дамытуды талқылауға арналған «Ұлттық парктер: экологиялық туризмнің жаңа моделі» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді.

15.00-де ЭКСПО Конгресс орталығында «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтеді.

16.00-де Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Колледждер пікірсайыс лигасы - 2022» атты қалалық пікірсайыс турнирі өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклінің премьерасы өтеді.

АЛМАТЫ

11.00- де Almaty Gallery ғимаратында 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Біз» атты фотокөрме өтеді.

15.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жамақаев көшесі, 145 мекенжайындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Медеу ауданының тұрғындарымен кездеседі.

15.00-де «Магистраль» сарапшылар форумы аясында «Жүк иесі мен логистикалық оператордың стратегиялық әріптестігі: мәселелер мен перспективалар» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді.

18.30-да Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының бас директорына Француз Республикасының Құрмет легионы орденін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтеді.

19.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрында «Ұлы Даланың әйел бейнелері» концерті ұсынылады.

19.00-де М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Менің Мұстафам» драма-диалогының премьерасын тамашалауға болады.