Әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл, ең алдымен, білім беру секторындағы жеңілдіктер мен несиелік демалыстарға қатысты мән-жай түсіндірілді.
— Сонымен қатар 17 мың әскери қызметшіге 6,6 млрд теңгеге «кредиттік демалыс» берілді, - деді спикер.
Сонымен қатар генерал-майор қызмет кезінде мерзімді сарбаз еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын игеруге мүмкіндік алатынын айтты. Оқыту тиісті сертификаттар берумен өтеді.
Еске сала кетейік, биыл әскер қатарын 20 мыңнан астам азамат толықтыратынын жазған болатынбыз.