17 мың орын керек – Елорда әкімі мектептің жетіспеушілігі жайлы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы мектептің жетіспеушілігіне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда елордада108 мектеп бар. Оның 87-сі мемлекеттік мектеп болса, қалғаны жеке және оданбөлек 4 республикалық мектеп бар. 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын 24 мың балааттайды деп күтіп отырмыз. Салыстыру үшін айта кетейін: өткен жылы біріншісыныпқа 18 мың бала барған болатын. Өзіңіз естіп отырғандай, оқушылардың саныкөбейіп барады. Сол себепті, 17 мың орыннның жетіспейтіні байқалады», - дедіАлтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұлмәселенің шешімін табу үшін алдағы бес жылда Нұр-Сұлтанда 37 мектеп салынуытиіс.

«Біздің болжамбойынша, 1 қыркүйекте үш ауысымды 8 мектеп болады. Сондықтан, елорданыдамытудың кешенді жоспарына сәйкес, алдағы бес жылда 37 мектеп салуымыз керек.Бірақ, бұл ретте республикалық бюджетке ғана иек артып отыру жарай қоймас.Жақында инвестициялық кеңесте 11 жеке мектепті қолдадық. Ол мектептер жекеинвестициялардың есебінен салынады. Яғни, қадам-қадам сайын мәселе шешімінтабуы тиіс. Осы жылы 1 қыркүйекке дейін 8 мектеп, 5 қосымша нысан және 3 жаңамектеп пайдалануға беріледі. Бұл 5 мың орынды жабуға септігін тигізеді», - дедіол.

Шаһар басшысы өзсөзінде атап өткендей, мәселені бірден шешу мүмкін емес.

«Фактының аты факт– 17 мың орын жетіспейді. Сондықтан, бір айдың ішінде бәрі шешіле салмайды.Бәрі жоспарға сай жүруі тиіс. Бәрі адамға байланысты емес, шынайы жағдайларбар. Елордаға адамдар көптеп көшуде. Миграциялық және демографиялық сальдо оңнәтижені көрсетіп отыр. Қазірдің өзінде елордада 1,1 млн адам тұрады. Қалахалқы тез өсіп келеді», - деді Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар