17 наурызда елдегі қай жолдар жабық

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

2026 жылғы 17 наурыз сағат 08:00–дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді:

Ақтөбе облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153- шақырым аралығы («ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті — Ырғыз ауылы аралығы);

• «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 5-234-шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы — Қостанай облысының шекарасы).

Қостанай облысы

• «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 234-501-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Рудный қаласы);

• «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8-218-шақырымы (Тобыл қаласы — Октябрьское ауылы);

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының 555-682-шақырымы (Тобыл қаласы — Сарыкөл ауылы).

Павлодар облысы

* «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысы

* Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, синоптиктер 17 наурызда Қазақстанның 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жасады. Елдің басым бөлігін тұман басып, көктайғақ болады.