Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 23 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, найзағай күтіледі. Батысында, солтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с екпінде жел күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Костанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады, шығысында 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, Атырау облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман болжанады.