Ауыр соққыдан қолы, бас сүйегі мен аяғы сынған, сондай-ақ өкпесі мен көкбауыры зақымданған бозбала ені 60 см-ге де жетпейтін тар қуыста 1 жарым тәуліктен астам уақыт ес-түссіз жатқан. Құтқарушыларға 19 жасар екінші курс студентін алып шығу үшін қабырғаны бұзуға тура келген. Періштесі қағып аман қалған, ауыр қалдегі жас жігіт шұғыл түрде Беллевью ауруханасына жеткізілді.
08:36, 05 Қараша 2013
17-ші қабаттан құлаған студент тірі қалды
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Жатақхана төбесінен құлап кеткен Нью-Йорк университетінің студенті нигериялық Ашер Вонгтау, екі ғимарат арасындағы қуыста 36 сағат уақытын өткізген, деп хабарлады The New York Daily News.